«Мирас» бастауыш мектебінің 1 - 4 сынып оқушылары арасында көктемгі демалыс уақытында ұйымдастырылған «Демалыста кітап оқимын» челленджіне қатысқан 2 сынып оқушысы Тұрым Айша және Әділбаева Айша.
«Мирас» бастауыш мектебінің қызметкерлері сенбілік барысында көше бойын, мектептің айналасын күл - қоқыстардан, арамшөптерден, тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарына атсалысты.
Бұл сенбіліктің қоршаған ортаны сақтауға қосар үлесі мол. Осы ретте, өскен ортамызды абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына атсалысу әрбір тұрғынның азаматтық ұстанымы болуы тиіс. Қаланың тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлықтың бір белгісі.
«Көрісу» мерекесі - барша адамзатты достыққа, татулыққа шақырады.
«Мирас» бастауыш мектебінің ұжымы Наурыз мерекесін ерекше атап өтті. Бұл күн барлық тіршілік атаулыны ерекше нұрға бөледі. Ата-аналар мен оқушылар, ұстаздар ұжымы татулықты, ынтымақты, береке мен бірлікті, молшылықты ту етті.
"Мирас" бастауыш мектебінде оқушыларға Көрісу күні ерекше әсер етті. Құшақтасып, бір- біріне тілектер айтып, тіпті бата берді.
Оқушылардың көңіл- күйін көтерген ұстаздарына, ата - аналарына алғыс айтамыз.
"Мирас" бастауыш мектебінің құрылтайшысы Калиева Гулбану Мақсатқызы ұжымдағы қыздарды көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, жылы лебізі мен тілегін айтып, гүл шоқтарын тарту етті.
Мектеп директоры Колганатова Рзагул Достановна мектебіміздің тазалықшысы әрі қамқор әже Күміс Елубаевнаны мерекемен құттықтап, Ақтөбе қаласы білім бөлімі басшысының Алғыс хатын табыс етті.
«Мирас» бастауыш мектебінде «Алғыс айту» мерекесіне орай «Алғысым шексіз өмірге!» атты іс-шаралар өтті.
Мектеп психологі «Алғыс айту-парызым» атты тренинг өткізді.
